Қазақстанның тағы үш ірі қаласының атауын өзгерту ұсынылды

606

Атап айтсақ, Петропавл, Павлодар және Семей қалаларының атауын өзгерту ұсынылып отыр.

Қазақстанның тағы үш ірі қаласының атауын өзгерту ұсынылды

Қазақстанның тағы үш ірі қаласының атауларын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Today.kz.

Мұндай ұсынысты "Ақ Жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазбек Иса жасады. Атап айтсақ, Петропавл, Павлодар және Семей қалаларының атауын өзгерту ұсынылып отыр.

"Петропавл қаласына Абылай ханның, Павлодарға – Кенесары ханның, Семейге – Әлихан Бөкейханның атын беру керек. Осылай жалғастыра берген дұрыс", – деді ол демократиялық күштердің "Қазақстан – 2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында.

Айтуынша, бұл өзінің жеке пікірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу