Қазақстанның теміржол вокзалдарында жолаушылар мен жүктерді тексеру енгізіліп отыр

1380

Қазақстанның теміржол вокзалдарында жолаушылар мен жүктерді тексеру енгізіліп отыр

Қазақстанның 16 вокзалында теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады.

"Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды",  –  деді ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Теміржол өкілінің айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажеттілігін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу