Қазақстанның ТМД елдеріне экспорты 13%-ға өсті

Әлем елдеріне тауар шығару 61%-ға артты.    

Қазақстанның ТМД елдеріне экспорты 13%-ға өсті Фото: caravan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанның әлемнің басқа елдерімен өзара саудасы биылғы қаңтар-тамызда 86 млрд долларды құраған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға артық. Осы орайда экспортпен импорт та өскеніне назар аудару керек. Мәселен, сыртқа тауар тасымалы 51%-ға, импорт 16%-ға жоғарылады.

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, Қазақстанның ТМД елдеріне экспорты 13%-ға, ал әлем мемлекеттеріне экспорты 61%-ға өсті. Ал, ТМД елдерінен импорт 5%-ға, ал өзге сырт мемлекеттерден 26%-ға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу