Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді

Былтыр транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 13,6 млн тоннаны құрады.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді Фото: elorda.info

Қазақстанның транзиттік әлеуеті артуда. Мәселен, 2021 жылы транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 13,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Атамекен" ҰКП сараптамалық орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан аумағы арқылы тауарлардың 78%-ы темір жолмен және 20%-ы тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк көліктерімен тасымалданды.

Айта кету керек, транзиттік жүктердің 57%-ы Азия елдерінен, 39%-ы ТМД елдерінен жөнелтіледі. Бұл тауарлар ЕАЭО (42%) және ЕО (23%) елдеріне жеткізіледі.

Тауарлар транзитінің ең танымал бағыттары:

????Азия – ЕО елдері (жалпы транзиттің 19,8%);

????Азия – ЕАЭО елдері (19,5%);

????ТМД елдері – ЕАЭО елдері (19,0%).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу