Қытайдың және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Еуропалық одақпен қарқынды дамудағы сауда қатынастары Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерінің одан әрі дамуы үшін алғышарттарды құрады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондықтан көлік саласының өсіміне әсер ететін негізгі драйвер ретінде біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін, бірінші кезекте ҚХР - ЕО бағытындағы транзиттік әлеуетті дамытуда көреміз.
Көліктік ұйымдардың транзиттік тасымалдан түсетін кірістері 2016 жылы 267 млрд. теңгені, оның ішінде теміржол көлігінде 222,6 млрд. теңгені, әуе көлігінде – 44,3 млрд. теңгені және автомобиль көлігінде – 67 млн. теңгені құрады.
2020 жылға қарай мемлекет басшысының жолдауына сәйкес транзиттік тасымалдан түсетін кіріс 1,3 трлн. теңге (4 млрд. АҚШ долл.), оның ішінде темір жол көлігінде 1,1 трлн. теңге, әуе көлігінде 134 млрд. теңге және автомобиль көлігінде 66 млрд. теңге құрайтын болады.
Бұл ретте, сарапшылардың (Boston Consulting Group) бағалауына сәйкес 2020 жылы транзиттік тасымалдың өсімінен еліміздің ЖІӨ кумулятивті үлесі 5,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.
Қазақстан транзиттік жүктерді тартуда қатаң бәсекеде бола тұра, дәстүрлі халықаралық маршруттарға (Оңтүстік және Солтүстік теңіз жолдары, Транссібір магистралі) қарсы бәсекеге қабілетті құрылықтық маршрутты құра алды.
Бүгінгі күннің өзінде Еуропаға жүктер Қытайдан Қазақстан арқылы шамамен 12-15 күнде жеткізіледі, бұл ретте Оңтүстік теңіз жолымен 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жолымен 33-35 күнде және Транссібір магистралі бойынша 18-20 күнде жеткізіледі.
Мысалы, 2016 жылы ҚХР-ЕО-ҚХР бағытында контейнерлік тасымалдардың көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсімді қамтамасыз етті және 105 мың ЖФБ құрады. Небәрі 2017 жылдың 5 айында осы бағыттағы тасымалдар 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық болды (32,5 мың ЖФБ артық) және 59 мың ЖФБ құрады.