Қазақстанның тумасы АҚШ-та жоғары лауазымға үміткер болып отыр

2299

Байденнің көмекшілері Сәуле Омарованы енді ғана тексеріп жатыр. Қазақстанның тумасы, Корнель университетінің профессоры Сәуле Омарова АҚШ қаржы министрлігі жанындағы валюталық бақылау басқармасының басшысы болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қазақстанның тумасы АҚШ-та жоғары лауазымға үміткер болып отыр

New York Times-тың хабарлауынша, Сәуле Омарова банктер үшін криптовалюталар қаншалықты қауіп төндіруі мүмкін деген сұрақты терең талдаған. Байденнің әкімшілігі қазіргі уақытта Сәуле Омарованың кандидатурасын қарастырып жатыр. Бұған дейін аталмыш лауазымнан екі кандидат бас тартқан. Олардың бас тартуы Демократиялық партияның өз ішіндегі күреске байланысты болған.

Басылымның хабарлауынша, банк құқығының профессоры Сәуле Омарова АҚШ қаржы министрлігі жанындағы валюталық бақылау басқармасын басқарып, сенаттың қолдауына ие болады. Уолл-стриттің ірі банктері Омаровамен жақсы қарым-қатынас ұстауға тырысуы мүмкін. Себебі оның алдындағы лауазымды басшылардың қарым-қатынасы ондай болмаған.

Байденнің көмекшілері Сәуле Омарованы тексеру процесінің бастапқы сатысында ғана тұр. Тағайындау бірнеше айдың ішінде немесе келесі жылдың басында болуы мүмкін. Тағайындалса, оны бес жыл мерзімге сенат мақұлдауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу