Қазақстанның тумасы Жәмиля Стехликова Чехия парламентінің сайлауына түсуде. Бұл туралы қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш еуропалық министр атанған Жамиля Стехликова Фейсбуктегі өзінің парақшасында мәлім етті.
"Саясаткерлерді ұнатпайды, алайда олар қажет адамдар. Чех заңы бойынша мен LES (Либералдық экологиялық партия) және TOP09 партиялары атынан Чех парламенті сайлауына түскелі жатқанымды хабарлауға тиіспін. Фейсбуктегі парақшамда чех сайлаушылары да бар болғандықтан, мен хабарламаларды депутаттыққа үміткер жіберіп жатқанын ескертуге және профильдегі суретімді партия эмблемасымен толықтыруға тиіспін. Сайлауалды науқан анық және ашық болуы керек", – деп жазды Жамиля Стехликова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу