Ол 1951 жылы 30 наурызда Ресейдің Приморск өлкесінде дүниеге келген.
1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1993 жылы Ресей Ғылым академиясының Экономика институтын бітірген.
Сергей Терещенко Үкіметті 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 1994 жылдың 12 қазанына дейін басқарды. Оның тұсында Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында нарықтық реформалар басталып, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңадан фермерлік және ұсақ шаруа қожалықтары құрыла бастады.
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко еліміздің ең ірі жер иелерінің бірі, бас омарташы ретінде көпшілікке белгілі. Экс-премьер - Қазақстанның "Бал-Ара" омарташылар ұлттық одағының басшысы, әр жылдары "БанкцентрКредит" АҚ, "Рахат" АҚ және "Трансаэро" АК" ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол 2016 жылы Forbes бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендерінің рейтингісінде 41-орынды иеленді.