Қазақстанның Тұңғыш Президенті Отан қорғаушы күнімен құттықтады

886

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы оның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Отан қорғаушы күнімен құттықтады Фото: Мария Матвиенко

"Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды.

Біз әрдайым армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлдік.

Соның арқасында Қазақстан әскерінің сапында болу рухы мықты адамдардың мәртебелі әрі жауапты міндетіне айналды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету –абыройлы іс. Әскери форма киген адам жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот болып саналады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап тиімді қауіпсіздік жүйесін құрғанға дейінгі аралықта еліміз ауқымды жолдан өтті.

Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар.

Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын!

Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!",– деп жазылған құттықтау мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу