"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

719

Бұл қызметке Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі келді.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы сайланды Фото: ortcom.kz

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл ақпарат Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды.

Жаңартылған директорлар кеңесіне Үскенбаев Қ. А., Хамитов Е.Е., Омаров М.Т., Ибригимов Л.Е., Ермекова Э.М., Қыдырбаев Д.Х., Барунин А.А кірді.

Қайырбек Өскенбаев 2018 жылдың қаңтар айында инвестиция және даму вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. 2019 жылдың ақпан айынан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ретінде жұмыс атқарды. Ал сол жылдың наурызында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі болып бекітілді. 

Ескере кететін жайт, АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бола тұра, ол осы қызметін жалғастырады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу