Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жандос Асанов 1969 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. 2004-2006 жылдары - ҚР СІМ референті, ҚР Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, ҚР сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР президентінің хаттама қызметінің консультанты, ҚР премьер-министрінің хаттама қызметінің жетекшісі - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің директоры.
2006-2008 жылдары - АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры.
2008-2009 жылдары - ҚР-ның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі. 2009-2012 жылдары - ЕҚЫҰ Минск қаласындағы кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2012-2013 жылдары - ҚР парламенті сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары.