Қазақстанның туы Нью-Йорктегі БҰҰ ҚК залының алдына қойылды

877

Қазақстанның туы Нью-Йорктегі БҰҰ ҚК залының алдына қойылды

Нью-Йоркте БҰҰ-ның  штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залы алдына Қазақстанның мемлекеттік туын орнату салтанаты өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Кеңес  залында келіссөз үстелінде және жабық кеңестер өтетін бөлмеде елдің атауы жазылған тақтайшалар орнатылды, делінген СІМ таратқан хабарламада.

"Сонымен қатар 2017  жылдың  1 қаңтарынан өкілеттіктері басталатын Қауіпсіздік кеңесінің жаңадан сайланған тұрақты емес мүшелері – Боливия, Италия, Швеция және Эфиопияның тулары мен атауы жазылған тақтайшалары орнатылды. Қазақстан мен осы аталған елдер Малайзия, Венесуэла, Испания, Жаңа Зеландия мен Анголаның орнын алмастырады.  Бұл салтанатты шара  Кеңестегі жаңа тұрақты емес мүшесінің қызметі басталғанын білдіреді",– деп атап көрсетілген  баспасөз баянында.

БҰҰ ҚК 2017  жылғы алғашқы отырысы 3 қаңтарға жоспарланған.

Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның өкілеттігі жексенбі, 2017 жылғы 1 қаңтарда  Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 00.00-де басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу