Қазақстанның Ұлттық банкі форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыруды қалайды

1248

Қазақстанның Ұлттық банкі форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыруды қалайды

Ұлттық банк алдағы бірнеше жылға арналған қаржы нарығын дамыту концепциясын құрастырды. Жобадағы шаралардың бірі — форекс-брокерлердің әрекетін реттеп отыру. Бұл туралы  LS-ге сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Жобада жазылғандай, бұл саладағы проблеманың бірі — нарық қатысушыларының талапқа сай емес әрекеттері. Елдің басты банкі хабарлағандай, жеке және заңды тұлғалардан кейбір форекс-брокерлеріне жиі шағым түсіп жатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк брокерлер әрекетін заңмен бекіту керек деп есептейді. Құжат бойынша, енді тек қазақстандық лицензиясы бар брокерлік ұйымдар шетелдік қор және валюта нарығына шығу туралы қызмет ұсына алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу