ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан брендін таңдау бойынша іріктеудің ары қарай жалғасатынын айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Байқауға жалпы 960 өтініш келіп түсті. Азаматтар тарабынан үлкен қызығушылық болды. Өтініштерді қарай келе қазылар алқасы осындай шешімге келді. Себебі байқауға қатысқан бірде бір өтініш аса бір қызығушылық тудырмады. Бұл байқауды СІМ және мемлекеттік органдармен, президент әкімшілігімен бірлесе отырып, ары қарай күзде жалғастыратын боламыз", - деді министр.
Еске сала кетсек, Қазақстанның ең үздік ұлттық брендіне байқау 2016 жылдың 31 тамызында басталып, 15 қазанға дейін жалғасқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу