Қазақстанның ұлттық павильоны Bett UK 2026 көрмесінде таныстырылды

204

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті.

Қазақстанның ұлттық павильоны Bett UK 2026 көрмесінде таныстырылды Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Лондонда өтіп жатқан Bett UK 2026 білім беру технологияларының халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, жетекші университеттер, ғылыми орталықтар және жаһандық технологиялық компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Ұлттық павильон Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытудағы басым бағыттарды таныстыруға арналды. Экспозицияда білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту бағыттары көрсетілді.

Павильон жұмысына 9 қазақстандық жоғары оқу орны қатысып, академиялық бағдарламаларын, ғылыми жобаларын және шетелдік серіктестермен бірлескен бастамаларын ұсынды. Бұл отандық университеттердің ғылыми-білім беру әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа дайындығын көрсетті.

Bett UK 2026 көрмесіне Қазақстан делегациясының қатысуы елдің цифрлық білім мен инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған стратегиялық ұстанымын айқындап, халықаралық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу