Қазақстанның ұн саласындағы ахуал қандай?

913

Өндіріс, экспорт көлемі азайып, бағалар өскен. 

Қазақстанның ұн саласындағы ахуал қандай?

Қыс айларының қорытындысы бойынша ұн өндірісі былтырғы жылмен салыстырғанда 5% төмендеген.

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде 516,5 мың тонна ұн өндірілген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5% төмен. Атап айтқанда биыл компаниялар 478,7 мың тонна ұсақ тартылған бидай ұнын, 34,9 мың тонна нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін қоспа, 2,2 мың тонна өсімдік ұнын және өзге де дәнді дақылдардан 662 тонна ұсақ тартылған ұн өндірді.

Өңірлерге бөліп қарастырғанда өндірістің ең көп көлемі әдеттегідей Қостанай облысына тиесілі: 158,9 мың тонна ұн – бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,3% аз. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Шымкент (жылына 56 мың тонна, 5% төмен) және Қарағанды облысы (47,9 мың тонна, минус 15,8%) кірді.
Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар ұнға сұранысты (ішкі нарықты қамтамасыз ету және экспорт) толығымен қамтамасыз етті. Импорт үлесі небары ғана 0,4% (912 тонна ұн – бір жыл бұрынғыға қарағанда 30% артық) болды.

Сонымен қатар экспорт үлесі бір жыл ішінде ресурстардан 43,9% - дан 40,3% - ға дейін қысқарған. Компаниялар 85,2 мың тонна ұнды экспортқа жіберіп үлгерді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,1% аз.

Ақшалай мәнде қаңтарда экспорт көлемі  былтырмен салыстырғанда 10,1% - ға, яғни 23,6 млн. АҚШ долларына кеміген.

Қазақстандық ұнның басты импорттаушысы — Ауғанстан: қаңтар айында бұл ел 17,4 млн долларға 59,8 мың тонна ұн алған. Экспорттың қалған 29,8% ТМД елдеріне тиесілі. Мұнда ұнның ең көп көлемі Өзбекстанға экспортталды: 16,7 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 33,6% төмен.

Ұн экспорты бойынша ағымдағы көрсеткіштер соңғы 10 жылдағы ең төмен екені айтылып жүр. Мемлекет тарапынан тиісті қолдаусыз, тасымалдаудың жоғары тарифтері мен Өзбекстан тарапынан жосықсыз бәсекелестік салдарынан бұл сала өледі. Бірқатар ұн кәсіпорындары банкротқа ұшырады немесе банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр.

Ішкі нарықта, яғни дүкендер мен базарларда наурыз айында жоғары сұрыпты ұнның бір килограммы 244 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 179 теңгеден сатылды. Бір жыл ішінде жоғары сұрыпты ұн бағасы 19,6%, бір айда 0,4%  өскен. Бірінші сұрыпты ұн бір жылда 4,5% және бір айда 0,6% қымбаттады.

Ел бойынша жоғары сұрыпты ұн ең қымбат қала – елорда (325 тг), ең арзан — Павлодар (178 тг). Бірінші сұрыпты ұн Ақтауда қымбат (246 тг), Ақтөбеде арзан (128 тг)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу