Қазақстанның үш аймағында төрт су қоймасы салынады

159

Үкімет отырысында 2024-2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары баяндалды.

Қазақстанның үш аймағында төрт су қоймасы салынады Фото: sarbaz.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Бірінші кезең аясында 2025 жылы еліміздің үш өңірінде 4 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Оның ішінде, еліміздің оңтүстігінде орналасқан Ақмола, Қалғұтты, Қараузяк жаңадан енгізілетін 22,5 мың гектар суару алаңында вегетациялық кезеңде су тапшылығын жабуға бағытталады. Батыс Қазақстан облысында Үлкен Өзен (28 млн текше метр) су қоймасының құрылысы су тасқыны мен еріген суды ұстап тұруға және 5 мыңға жуық халқы бар Казталов ауданының 2 елді мекенін су басу қаупін болдырмауға бағытталған”, – деді су ресурстары министрі. 

Сондай-ақ бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз және Түркістан облысындағы Көксарай контррегуляторы мен Қосқорған су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу