Синоптиктер Қазақстанның бірқатар қалаларында ауа ластануының артқаны туралы ескертті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамына сәйкес, 2024 жылдың 31 қаңтарында Павлодар, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде.
Айта кету керек, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Оларға шаң, күйе (салмақталған бөлшектер), күкіртсутек, бенз(а)пирен, азот диоксиді, формальдегид және фенол жатады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу