Қазақстанның үш маңызды жолы ақылы болады

831

Қазақстанның үш маңызды жолы ақылы болады

Еліміздегі ақылы жолдар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Түскен пайда түгелдей бюджетке аударылып, кейін инвесторлардың шығыны кезең-кезеңімен өтеледі. Ауқымды жоспар аясында алдағы жылдары жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым жолды ақылы жүйеге көшіру көзделіп отыр. Сөйтіп, 2020-2021 жылға қарай түскен табыс 30 миллиард теңгені құрайды деген болжам бар.

Айта кетейік, "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" көлік дәліздері ақылы негізге бұған дейін жоспарланған бірінші тоқсанда емес, екінші тоқсанда толық іске қосылатын болды.

"Осы жылы 500-ден астам шақырым жол іске қосылады. Жалпы келе жатқан 3-4 жылдың ішінде 4 мыңнан астам жаңа жол салынатын болады. Ол жолда 100 мың жұмыс орны болады. Сондықтан бұл бағдарламаның экономикамызға маңызы өте жоғары", - дейді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Айта кетсек, былтыр елімізде республикалық маңызы бар 600 шақырым жол салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу