Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

877

Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның үш өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Сонымен, Астанада 31 желтоқсан күні таңертеңгілік және күндізгі уақытта, 1-2 қаңтарда тәулік бойы бұрқасын соғып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 1-2 қаңтар күндері оның екпіні 25 м/с-ға жетеді. Ақмола облысында 31 желтоқсан күні таңертеңгілік және күндізгі уақытта бұрқасын ұйытқып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні  25 м/с-ға дейін жетуі ықтимал. 1-2 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында бұрқасын тұрып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші 25 м/с-ға дейін артады. Кей жерлерде 30 м/с-тан асуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу