Қазақстанның үш облысында күшті жел соғады

878

Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

Қазақстанның үш облысында күшті жел соғады

13 қазан күні Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан ескен желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан есіп, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу