Қазақстанның үш өңірінде орман өрті тіркелді

459

Жағдай тұрақты бақылауда.

Қазақстанның үш өңірінде орман өрті тіркелді

2026 жылғы 18 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірлер бойынша:

  • Ақмола облысында – 1 өрт;
  • Павлодар облысындағы "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде – 1 өрт;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1 өрт.

Өрт ошақтарын жедел анықтау және сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК күштері, сондай-ақ қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды. Орман өрттерін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. 

Еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталуына байланысты азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға, отты абайлап пайдалануға және өрттің туындауына себеп болатын әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу