Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы белгілі болды

327

"Үздік туристік ауыл – 2025" ұлттық байқауының қорытындысы шықты.

Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Kazakh Tourism мәліметінше, облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден 3 ауылды ұсынуға мүмкіндік берілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды.

Олар:

– Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);

– Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы);

– Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы);

– Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы);

– Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу