Қазақстанның үздік боксшылары ондығында кімдер кіреді

1472

BoxRec рейтингінде айтарлықтай өзгеріс болды. 

Қазақстанның үздік боксшылары ондығында кімдер кіреді

Boxrec.com сайты Қазақстанның үздік боксшылары рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Ислам кәсіби мансабындағы бірінші жеңілісінен кейін екінші орыннан алтыншы орынға түсіп қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан бірден 2-орынға көтерілді. Қазақстанның үздік боксшылары ондығына Бекман Сойлыбаев кірді.

Ақпан қорытындысы бойынша ТОП-10 қазақстандық боксшы:

1. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) – 31.14

2. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) – 17.82

3. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) – 16.93

4. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО) – 14.25

5. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) – 12.66

6. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) – 12.50

7. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) – 10.81

8. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) – 7.788

9. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) – 7.048

10. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) – 6.083.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу