"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы өтті

701

2022 жылдың 23 маусымында Ақтау қаласында "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы.

"Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауы өтті

Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

"Елімізде өңірлерде өндірілетін өнімнің үлес і артатын болса, онда экономикалық жағдай да тұрақталады. Біздің облыста орта және шағын бизнестің дамуы жүйелі түрде дамып келеді. Өңірлік өнімнің үлесі 32%-ды құрайды. Экономикалық белсенді тұрғындар арасында бизнеспен айналысатындар саны 37%. Статистикаға жүгінсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл бизнес субъектілер 12%-ға артып, 61 мыңды құрады. Оған осында көрмеге қойылған өндірістік бағыттағы тауарлар, азық-түлік пен киім-кешек түрлері мен сапасына қарап көруге болады. Бизнестің қарқын алуы еліміздің, облысымыздың дамуына серпін береді. Сондықтан да жергілікті билік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірге осы мақсатта жұмыылып жұмыс істеуге дайын", – деді Нұрлан Асқарұлы.

Отандық өнімнің сапасын арттыру және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға бағытталған шара жыл сайын ұйымдастырылып келеді. 

Байқау мынадай үш номинация бойынша жүргізілді:

1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар"

2) "Халыққа арналған үздік тауарлар"

3) "Үздік азық-түлік тауарлары".

Оған облыстағы 49 кәсіпорын қатысты. Әр номинация бойынша үш-үштен, тоғыз жеңімпаз айқындалды. Жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталды. Олар:

"Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша: "Каскор Машзавод" АҚ, "Каз Азот" АҚ және "OSS KAZAKHSTAN" ЖШС жеңіп алды.

Ал "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясында Жеке кәсіпкер "Мендикулова", Жеке кәсіпкер "Жекенова", Жеке кәсіпкер "Rakhim baby" лайық деп танылды.

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымы бойынша "Актау Агро" ЖШС, Жеке кәсіпкер "Толеуіш Даниял Саматұлы", "Кобзев Руслан Викторович" шаруа қожалығы үздік шықты.

Өңірлік байқаулардың 9 жеңімпазы "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына жолдама алды. Республикалық көрме-байқаудың қорытындысы бойынша "Атамекен" ҰКП-ның сараптамалық тобы 27 финалисті анықтайды. Одан әрі жеңімпаздар онлайн дауыс берумен іріктеледі.

Дипломанттар төрт жыл бойы "Қазақстанның үздік тауары" байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

"Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу