Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады

590

Елімізде ұлттық фортепиано мектебін дамыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі республикалық Astana Piano Passion жас пианистер конкурсын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады Фото: gov.kz

Байқауға 7 мен 17 жас аралығындағы жас пианистер қатыса алады. Конкурсқа өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 19 қыркүйектен 25 қазанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Өтінішті konkursmuz@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.

Іріктеу кезеңі барлық өңірде 27 қазан мен 9 қараша аралығында өтеді.

Жартылай финал – іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға және сүйемелдеуші тұлғалардың (бір адамнан аспайтын) Астана қаласына барып келу шығындарын қамтамасыз ете отырып, 2022 жылғы 15-17 қараша аралығында Астана қаласында өткізіледі.

20-21 қарашада Астана қаласында финал өтеді.

Ал гала-концерт және жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімі 23 қарашада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу