Қазақстанның вагон жасау зауытының жұмысына Бозшакөл кен орны серпін бермек

1135

Қазақстанның вагон жасау зауытының жұмысына Бозшакөл кен орны серпін бермек

Екібастұз шенеуніктеріне әр апта сайын екі жыл бойы тоқырап тұрған "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС-нде болып, зауыттың шынымен де жұмыс істей ме екенін тексеруге тура келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы есептік кездесу барысында журналистің қойған сауалына қала әкімі Қайрат Нүкенов мәлім етті.

"Қазіргі таңда ҚВК төрт сағаттық режиммен жұмыс істейді. Жұмысшылар саны – 360 адам, – деді шаһар басшысы. – Тоқырап тұрған жылдары кәсіпорын алғаш рет екі платформа дайындап, Ресейден сертификаттаудан өтуде. Сәуір айында компания Бозшакөл тау-кен байыту комбинатына шығуды көздеп отыр. Бозшакөлмен ендігі келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, компаниядан вагон сатып алуға ниет білдірген басқа да кәсіпорындар бар. Биылғы жылы жұмысшылардың алдында берешек жоқ. Біз апта сайын кәсіпорында болып, шынымен де жұмыс істеп тұр ма екенін тексереміз.

Еске сала кетейік, жылына екі мың жартылай вагон мен 500 жабық жүк вагонын шығаратын кәсіпорын "Таман" ЖШС вагон жөндеу депосы базасында 2008 жылы құрылған. Сол кезден бастап зауыт 4823 жартылай вагон мен екі жабық вагон шығарған. Экономикадағы дағдарысқа байланысты 2015 жылы қаңтар айында компания басты тапсырыс беруші "ҚТЖ" АҚ-нан айырылып қалды. 2015 жылдың қыркүйек айында лизингке вагон шығару жобасынан тұратын және ірі инвестицияны талап етпейтін дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірленген. Ірі ұлттық оператор - "KTZ EXPRESS" АҚ-мен 7500 платформа тасымалдау бойынша бес жылдық келісімшартқа қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу