Қазақстанның вакцинация паспорты үш елге саяхаттауға жарамды

1118

Мальдив аралдарының үкіметімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

  Қазақстанның вакцинация паспорты үш елге саяхаттауға жарамды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше мемлекеттің үкіметімен келіссөз жүргізуде", – деді спикер.

Дастан Рыспековтың айтуынша қазірдің өзінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан вакцинация паспорты бар қазақстандық туристерді қабылдайды. Бүгінде комитет осындай елдердің санын арттыруға бағытталған жұмыс жүргізуде.

"Қазір Мальдив аралдарына бару үшін Қазақстан азаматтарына міндетті түрде ПТР-тест қажет. Мальдив аралдарының үкіметімен Қазақсатнның вакцинация паспортын қабылдау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлығы пысықталғаннан кейін аталған елге ПТР-тестсіз, яғни, тек вакцинация паспортымен бару мүмкіндігі туады", - деді Дастан Рыспеков.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу