Қазақстан ЕО елдері сұранысының 90 пайызын жаба алады - Траян Лауренцо Христеа

1537

Қазақстан ЕО елдері сұранысының 90 пайызын жаба алады -  Траян Лауренцо Христеа

Еуропа одағы Қазақстанды мұнай сатушы ең ірі мемлекеттердің бірі ретінде көреді. Бұл туралы KIOGE-2017 халықаралық конференциясында Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Траян Лауренцо Христеа айтты, деп хабарлайды naryk.kz.  

Оның айтуынша, қазірдің өзінде қазақ мұнай экспортының 70%-ы ЕО елдеріне сатылса, осы көлем ЕО-ның жалпы импортының 60%-ын құрайды.

Яғни, Қазақстанның жалпы импорт көлемі қазірдің өзінде ЕО елдерінің сұранысының 90%-ын жаба алады.

"Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Еуроодақ шикізат импортына тәуелді болып қалды. Ол кезде қажеттілік жылына 10 пайыздан ұлғайып отырды. Оған себеп құрлықта шикізаттың сарқылуы. Осы келеңсіздіктің алдын алу үшін ЕО елдері баламалы қуат көздерін дамыта бастады", - дейді спикер.

ЕО өкілінің айтуынша, Еуропаға мұнай сату Қазақстан үшін және ірі еуропалық мұнай компаниялары үшін өте тиімді бизнес.

"Біз Қашағанға қызығушылық танытып отырмыз. Кен орнының толық қуатқа өтуімен Қазақстан ЕО мұнай импортындағы орнын одан сайын нықтай түспек", - дейді Христеа.

Оның айтуынша, Қазақстан ЕО-ның тек мұнай сататын экспорттаушы ел емес, сонымен қатар осы салада үлкен инвесторы да бола алады. Мысал ретінде ол мұнай өңдеу зуаыттарын салуды атады.

"Қазір біз "ҚазМұнайГаздың" румынялық үлескер компаниясын қытай тарабының сатып алуын күтіп отырмыз. Қытай тарабы аталған компанияның үлесін сатып алғаннан кейін біз жылына 5 млн тоннаға дейін өңдей аламыз. Аталған үлескер компания Констанция портында орналасқан", - дейді спикер.

Өз кезегінде бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, 2030 жылы әлем бойынша мұнайға деген сұраныс ең шарықтау шегіне жетпек. Осы кезге дейін Қазақстан мұнай өндірісін арттыра береді. Қазіргі таңда негізгі өндірісті ТШО, ҚПО (Қарашығанақ) және НКОК (Қашаған) өндіріп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу