Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу