Қазақстанның жас биатлоншылары Эстонияның ашық чемпионатында топ жарды

681

Кирилл Бауер мен Владислав Киреев  жекелеген сайыста күміс және қола жүлдегер атанды. 

Қазақстанның жас биатлоншылары Эстонияның ашық чемпионатында топ жарды

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Эстонияның Отепя қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп жазады Olympic.kz. 

Ұлттық құрамадан бөлек, жас  спортшыларымыз Эстонияның жазғы ашық чемпионатына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Атап айтар болсақ, биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Эстонияның жазғы ашық чемпионатына қатысқан Кирилл Бауер мен Владислав Киреев  жекелеген сайыста күміс және қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ, Семен Вдовин мен Никита Акимов те тұғырдың екінші және үшінші сатысына көтерілді. 

Ал қыздар арасында қазақстандықтардың түгелдей дерлік жеңіс тұғырынан көрінді. Ксения Долголапова, Арина Шешукова және Вероника Кулакова өзара медальдарды бөлісті. Эстонияның ашық чемпионатына Қазақстан, Эстония және Латвия спортшылары қатысуда. 

"Команданың оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біздің алаңсыз жаттығуымызға Ұлттық Олимпиада комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, Қазақстан биатлоншылар одағы күш салуда. Эстониядағы жиыннан соң біз Чехияда өтетін жазғы биатлоннан әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін Австрияда жаттыққан болатынбыз. Алдағы маусымға дайынды,ымыз жақсы өтуде", - дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу