19 жасқа дейінгі футболшылардың ҚР құрамасының капитаны Дінмұхамед Кәшкен испаниялық "Касабланка" клубының ойыншысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "SPORTINFORM" САА сілтеме жасап.
19 жастағы Дінмұхамед Испанияның жастар лигасындағы клубпен жыл соңына дейін келісімшартқа отырды. "Касабланка" "Сарагосаның" фарм-клубы болып табылады.
Айта кетейік, Кәшкен осыдан екі жыл бұрын да Испанияда ойнаған болатын - "Касабланкада" және мадридтік "Атлетикода". Кейін ол "Астананың" қосалқы құрамына өтті. Ал биылғы маусымды "Жетісу"-Б бірінші лигасында өткізді. Ол еліміздің үміт күттіретін ойыншыларының бірі. Бірақ ҚПЛ-да әлі тәжірибесі жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу