АҚШ хоккей лигасының драфтында Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасының шабуылшысы Владислав Сайконы "Де-Мойн Баккэнирс" клубы таңдады, деп хабарлайды olympic.kz.
Биылғы маусымда 17 жастағы спортшы "Астана" және "Құлагер" командаларының құрамында Қазақстан чемпионатында 36 кездесу өткізіп, 4 шайба соғып, 5 рет нәтижелі пас шығарған.
Ригада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 5 кездесуге қатысып, екі шайба соғып, бір рет нәтижелі пас шығарған. Бұған дейін Сатпаев қаласының "Қазақмыс" командасының тәрбиеленушісі Финляндияда ойнаған.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ хоккей лигасында Астана қаласының тәрбиеленушісі Кирилл Панюков өнер көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу