Қазақстанның жасөспірім ауыр атлетшісі әлем рекордын жаңартты

663

Қазақстанның жасөспірім ауыр атлетшісі  әлем рекордын жаңартты

Мәскеуде пауэрлифтингтен, қоссайыстан, шалқалап жатып штанга көтеру және станокта тартылудан "WRPF" нұсқасы бойынша әлем чемпионатында атыраулық атлеттер жоғары дайындық деңгейімен көзге түсті, деп хабарлайды atr.kz.

Атап айтар болсақ, "Дәкемен пауэрлифтинг" санаты бойынша 14-16 жастағы жасөспірімдер арасынан атыраулық Кирилл Литвинов алға суырылып шықты. Ол отырып 160 келілік, шалқалап жатып 90 келілік, станокта тартылып 220 келілік штанганы оп-оңай көтеріп, бұрынғы әлем рекордтарын жаңартты.

Сондай-ақ, ел қоржынындағы тағы үш "алтынды" 125 келі салмақта Эдуард Кабдешев, 100 келіде Александр Литвинов және 90 келі салмақта Алексей Ишин олжалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу