Өңір басшысы Тілек Мұқанбетқалиевті үздік арғымақ баптап, әлемдік додада жеңіске жетуімен құттықтады.
"Бұл – барша Қазақстанның жеңісі. Еліміздің көк туы кезекті рет әлемдік аренада желбіреді. Бұл жеңіс өңірімізде, жалпы елімізде ат спортының дамуына серпін береді", - деді Нариман Төреғалиев.
Ал Тілек Мұханбетқалиев өңірдегі ат спортының дамуына қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс басшылығына алғыс білдіріп, биыл елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облыс атынан бәйгеге ат қосуға дайын екендігін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу