17 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына септігін тигізетін қысқамерзімді метеофакторлардың (соның ішінде тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Сондай-ақ, жайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу