Қазақстанның ЖІӨ-де мемлекеттік сатып алудың меншікті салмағы қандай

742

Қазақстанның жалпы ішкі өнімдеші мемлекеттік сатып алудың меншікті салмағы 8,2% деңгейінде тұр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстанның ЖІӨ-де мемлекеттік сатып алудың меншікті салмағы қандай

"Мемлекеттік сатып алулар – жалпы ішкі өнімді дамытушы негізгі бөліктердің бірі. ЖІӨ дегеніміз Мемлекет басшысы да, Үкімет те баса назар аударатын басты макроэкономикалық көрсеткіш. Ол – сау экономиканың индикаторы. Мәселен, Ұлыбританияның жалпы ішкі өнімінің 13,5%-14,5% осы мемлекеттік сатып алулардан түседі. Ал біз бұл бағытта тек 8% жетіп отырмыз", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ҚазАқпарат агенттігінің youtube арнасы арқылы таратылған Оpen Space іс-шарасында.

Агенттік дайындаған мәліметке сәйкес, жалпы ішкі өнімде мемлекеттік сатып алудың меншікті салмағы 2016 жылы 4%, 2017 жылы 5,1%, 2018 жылы 5%, 2019 жылы 7,7%, 2020 жылы 8,2% болған.

"Мемлекеттің экономикадағы үлесі артып келе жатқаны жиі айтылады. Әйтсе де мұндай үрдіс әлемнің барлық елінде байқалатынын ескеру керек. Форбстың 2015 жылғы рейтингіне қарасақ, әлемнің ең жетекші 25 компаниясының жетеуі мемлекеттің меншігінде болды", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу