Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 40,9%-ға дейін өсті

208

Еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің дамуы оң қарқынын сақтап, сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге төзімділік көрсетеді.  

Қазақстанның ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 40,9%-ға дейін өсті Фото: Үкімет

 Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, биылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2,9 млн-ды құрады, бұл – 2026 жылдың басымен салыстырғанда 499 мың субъектіге немесе 20,4%-ға артық көрсеткіш. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 688 597 субъектіні құрады, ал жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жиынтық саны 1,9 млн-нан 2,3 млн-ға дейін артты. 

"Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2021 жылдан бері тұрақты өсіп 33,5%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 40,9%-ға дейін ұлғайды. Жеке кәсіпкерлердің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына ауысуына қарамастан, экономикадағы бір жұмысшыға шаққандағы жалпы қосылған құнның оң өсуі сақталуда. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2,9%-ға, құрылыс және ауыл шаруашылығында 2,5%-ға, ақпарат және байланыста 2,4%-ға, сондай-ақ келесі салалар бойынша орта заңды тұлғалар санының өсуі тіркелді: жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 5,8%-ға, қаржы және сақтандыруда 3,2%-ға, өзге де қызметтер 3,1% және басқа да салалар. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 60%-дан астамы сауда, ауыл шаруашылығы және өзге де қызметтер көрсету салаларында шоғырланған", – деп атап өтті вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу