Экономиканың өсімі Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес қалыптасып отыр.
"2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның ЖІӨ жылдық мәнде 4,9%-ға өсті. Іскерлік белсенділік орнықты ішкі сұраныс, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және мұнай секторын қалпына келтіру салдарынан кеңеюде. Құрылыс, сауда, өнеркәсіп, сондай-ақ ақпарат және байланыс – экономиканың өсуіне басты үлес қосушы салалар", – деп хабарлады Ұлттық банк.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу