Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар анықталды

967

Академиялық адалдық лигасының сарапшылары Қазақстанның ЖОО-на баға берді.  

Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында көшбасшылар анықталды

Академиялық адалдық лигасының сарапшылары Қазақстанның ЖОО-на баға берді Академиялық адалдық лигасы "Атамекен" ҰКП деректері негізінде Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингісін таныстырды. Деректер интерактивті аналитикалық мəліметтер тақтасы(дешборд) түрінде ұсынылған.

Жыл сайын кəсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарына келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізеді: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы, медианалық жалақы көрсеткіші жəне білім беру бағдарламасының сапасы.

Тұсаукесер барысында Лига мен "Атамекен" ҰКП өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтинг нəтижелерін талқылап, интерактивті сараптамалық дешборд ұсынды.

"Рейтингті біздің деректерімізді одан əрі пайдалана отырып, деректеріміздің негізінде рейтингтер қалыптастыра бастағанына біз өте қуаныштымыз" - деп сараптамалық дэшбордты "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары атап өтті.

 Білім сапасы бойынша үздік ондықтың қатарына келесі жоғарғы оқу орындары кірді:

1. М.С. Нəрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

2. Қазақстан-Британ техникалық университеті

3. КИМЭП Университеті

4. М. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина Университеті

5. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

6. Алматы менеджмент университеті

7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

8. Астана медициналық университеті

9. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

10. Қарағанды медицина университеті

Академиялық адалдық Лигасы хатшылығының жетекшісі Яков Воронков: "Бұл рейтингті құрудың мақсаты талапкерлерге ең жақсы жəне нашар университеттердің тізімін көрсету ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін құралдарды ұсыну болды, оның көмегімен талапкер университет сапасының орташа бағасымен танысып, оған қызықты университеттердің білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Рейтингтің алғашқы ондығында Академиялық адалдық лигасының мүшелері тұр" - деп пікірін білдірді.

Ыңғайлы сүзгілердің көмегімен білім беру бағдарламаларын рейтингтегі позиция бойынша ғана емес, сонымен қатар жұмыс деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы жəне орташа жалақы сияқты жеке параметрлер бойынша салыстыруға болады. Егер талапкер университеттің нақты бағдарламасына немесе университеттің өзіне қызығушылық танытса, онда ол "университет туралы мəліметтер" бетіндегі логотипті басу арқылы тікелей университеттің ресми сайтына өте алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу