Қазақстанның жол саласы мамандары Қытайдың тәжірибесін үйреніп жатыр

740

Қытайдың жүрдек автомобиль жолдары мен басқа да жоғары деңгейлі автокөлік жолдарын жылдам дамытуда тәжірибесі мол.

Қазақстанның жол саласы мамандары Қытайдың тәжірибесін үйреніп жатыр Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жол құрылысы саласын нормативтік тұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолды пайдаланып, автожол құрылысындағы экономикасымен танысып жатыр. Бұған қоса, қазақстандық мамандар Қытай Халық Республикасының жол құрылысы саласындағы техникалық базасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институт өкілдері Цзянсу Көлік институтымен (Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"JSTI-мен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қытайдағы нормативтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді. Сондай-ақ, тығыз ынтымақтастықты арттыру жөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды", - деді "ҚазжолҒЗИ" АҚ департамент директоры деді Әсел Нұғманова.

Айта кетсек, "ҚазжолҒЗИ" АҚ еліміздегі автожол саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді. Ұйымның сарапшылары жаңа технологиялар мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, жол саласының нормативтік базасының жаңа құрылымын әзірлеп жатыр. Аталған міндет таяу және алыс шет елдердің озық тәжірибесі негізінде жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты жоғарыда аталған меморандум жасау бойынша бастама көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу