Қазақстан–Ресей шекарасындағы көлік кептелісі маусымдық сипатқа ие

981

Мәселе өңіраралық ынтымақтастық форумында талқыланады.

Қазақстан–Ресей шекарасындағы көлік кептелісі маусымдық сипатқа ие

Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар екенін, оның 30-ы автомобиль, 20-сы теміржол және біреуі өзен арқылы өткізетін бекет екенін айтты. 

"Бұл – маусымдық сипатқа ие құбылыс. Көбінесе Орталық Азиядан Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс тасымалданатын кезде, яғни көктем мен жазда тіркелетін жағдай",– деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, өткізу бекеттерінің мүмкіндігі әртүрлі. Ал тасымалдаушылар жылдам жету үшін өздеріне тиімді бағдарды таңдайды. Салдарынан кейбір өткізу бекеттерінде кептеліс пайда болады. 

"Бұл мәселе 7 қарашада Омбы қаласында өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумында талқыланады, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу