Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселені реттейтін құжатты бекітті

633

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгені туралы хабарлады.

Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселені реттейтін құжатты бекітті

"Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасына қол қойдық", – деп жазды М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, қол қоюға "біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған".

"Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселені реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді", – деді министр.

"Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс - су ресурстарын бөлудегі айқындық", – дейді ол.

Мырзағалиевтің айтуынша, күн тәртібінде әлі бірнеше стратегиялық мәселелер бар, өзбек тарапымен келіссөздер жалғаса береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу