Қазақтан шыққан америкалық полицей кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне жетті

942

Қазақтан шыққан америкалық полицей кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне жетті

Қазақстаннан шыққан АҚШ боксшысы Димаш Ниязов америкалық Агустин Маураспен өткен кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекте басты кездесу әлем чемпионмы америкалық Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) пен Луис Ариастың (18-0, 9 КО) кездесуі болды. Жекпе-жек Бруклиндегі Barclays Center аренасында өтті.
Осылайша, Димаш Ниязов Дэниэл Джейкобстың андеркартында жұдырықтасып, жеңіске жетіп отыр. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Бірақ Ниязов қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутқа түсірді.
Бұл 28 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі 13-ші жеңісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу