Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

589

​Аты аңызға айналған "Түркістан жыланы" небәрі 78 жаста еді.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды.

Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.

– Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған "Түркістан жыланы" небәрі 78 жаста еді, – делінген хабарламада.

Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.).

Ол 1972 жылы Мюнхенде Олимпиада чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу