Қазақтандық банктер қазан айында ипотекалық несие беруді ұлғайтты

753

Көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 3,8% ұлғайды. 

Қазақтандық банктер қазан айында ипотекалық несие беруді ұлғайтты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған ақпарат негізінде inbusiness.kz хабарлайды.

"Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелері 2022 жылдың қазан айында 3,8%-ке немесе 166 млрд теңгеге артып, 4,4 трлн теңгеге жетті",  делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес несиелердің басым көпшілігі теңгемен берілген, валютамен берілген займ көлемі 1,4 млрд теңгеге пара-пар. Сондай-ақ, қарыздардың басым бөлігі ұзақ мерзімді,  қысқа мерзімді несие көлемі 4,5 млрд теңгеге тең.

Қыркүйек айында көрсеткіш 3,3%-ға ұлғайған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу