“Қазақтар қорқақтар ” ұлтқа тіл тигізген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

11817

Әлеуметтік желіде Ресей азаматымен сөйлескен қарағандылық қазақ халқына тіл тигізді. 

“Қазақтар қорқақтар ” ұлтқа тіл тигізген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Егемен Қазақстан

Қарағанды қаласында 45 жастағы әйел әлеуметтік желіде чат - рулеткада Ресейлікпін деген ер адаммен сөйлескен. Әйел адам дүкенде жұмыс жасайтынын айтып қазақ ұлтына тіл тигізген.

“ Мен дүкенде жұмыс жасаймын қазір қазақтар менің орыс екенімді көріп тұрып қазақша сөйлейтін болды, оңбағандар олар “ хохолдар” сияқты секіре бастады. Украина жеңілсе қазақтар көреді олар қорқақтар ғой”,- деген Қарағандылықтың сөзі әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызды.

“Аталған бейне жазба полиция қызметкерлерімен зерделенді. 24 маусым күні бейнежазба бойынша 45 жастағы азаматша анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде”,- деп хабарлады Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.

Осындай чат - рулетка арқылы жақында Жезқазған тұрғыны “Қазақстан Ресейге қосылуы керек ” деген пікірін білдірген. Оның бұл пікіріне әлеуметтік желі арқылы  Жезқазған тұрғындары қарсы шығып үндеу жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу