"Қазақтарды қалай басқару керек": Дау туғызған кітап сатылымнан алынып тасталды

469

Бұл туралы AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің инстаграм парақшасында мәлім етті. 

"Қазақтарды қалай басқару керек": Дау туғызған кітап сатылымнан алынып тасталды Фото: instagram/ bar.korn

Ел арасында мұқабасына қарай түсініспеушілік тудырған "Қазақтарды қалай басқару керек" атты кітап барлық сату нүктесінен алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті қазақ елі, бүгін таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін "Компос" жанармай бекеттеріне барып, өзім жеке сол жерде болдым. Видеоны көріп келген жанашыр ағайындарымыз, бауырларымыз, ағаларымыз бар, әрқайсысымен жеке-жеке осы уақыт аралығында кездесіп, мақсат-мүдделерін түсіндіріп, жеткізіп айттым. Бірақ кітап шығаратын баспагер болған соң біз кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек және ешқашан біз өзімізді халықтан биік қойған жоқпыз. Сонда келушілердің пікірін, кері байланысын тыңдап отырсақ, оларға ұнамағаны мұқаба болып тұр. Бірден кітаптың мазмұнын түсінбей қаласың дейді. "Мына жазылған, сен айтып отырған нәрселер дұрыс та шығар, бірақ мына мұқаба соны ашпайды, сондықтан осындай реакциямыз болып жатыр" деп айтты. Сондықтан біз бүгін бүкіл сату нүктелерінен бұл кітапты түгел алып тастадық. Қазір ешбір жерде бұл кітап сатылымда жоқ", - деді баспагер Бақытжан Бұқарбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу