"Қазақтелеком" 5G интернетіне қатысты зерттеу үшін Олжас Құдайбергеновке 400 млн теңге төлеген

662

"Қазақтелеком" компаниясы қазақстандық экономист Олжас Құдайбергеновтің 5G саласындағы зерттеуіне 400 млн теңге төледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпарат порталы "ҚазТаг" агенттігіне сілтеме беріп.

"Қазақтелеком" 5G интернетіне қатысты зерттеу үшін Олжас Құдайбергеновке 400 млн теңге төлеген Фото: Максим Морозов

"Байланыс және телекоммуникация саласында "Қазақстан Республикасында 5g технологиясын енгізу тұжырымдамасын әзірлеу" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары; Тапсырыс беруші – "Қазақтелеком" АҚ; мәртебесі - сауда өтті; бірлік бағасы - 400 млн теңге; жеткізушінің атауы - "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС", - делінген 2019 жылғы қыркүйектегі "Самұрық-Қазына" қорының Сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында. 

Kompra базасына сәйкес, Стратегиялық бастамалар орталығының құрылтайшысы "TSC Global Kazakhstan" ЖШС болып табылады, оның құрылтайшылары Олжас пен Алмас Құдайбергеновтер.

Айта кетейік, Құдайбергеновтің өзі 2020 жылдың қазан айында TSC Global халықаралық консалтингтік компаниясы CSI Group акцияларының 100%-ын сатып алғанын және компания TSC Global Kazakhstan деп қайта аталатынын хабарлады.

"Қазақтелеком" мұндай сауда жасасқалы 2,5 жыл өтті, алайда Қазақстанда 5g мобильді желілері әлі дамымаған. Шенеуніктер әзірге ресми 5g желісі 2022 жылдың соңына дейін үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент – қосылады дегенді айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу