"Қазақтелеком" Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізіп жатқан тергеуге қатысты пікір білдірді

238

Бұл ретте, KASE алаңында компанияның қызметтерді жылжыту және тарифтер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Берстембаев тергеу процесіне қатысты пікір білдірді. 

"Қазақтелеком" Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізіп жатқан тергеуге қатысты пікір білдірді Фото: SK NEWS

Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеу басталғаны жөнінде хабарлаған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл – қалыпты процесс. Агенттік жыл сайын телекоммуникация саласына жоспарлы түрде талдау жүргізеді, оның барысында монополиялық баға көтерілу фактілері тексеріледі. Тергеу – бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, оларды растауға немесе жоққа шығаруға бағытталған, нақты деректерге негізделетін шара, деді Руслан Берстембаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компанияның үш негізгі тарифтік жоспары бойынша тергеу жүргізілуде.

– Біз бұл тергеу қорытындысы біздің ұстанымымыздың дұрыстығын көрсететініне сенімдіміз. Компанияның барлық әрекеттері заңға және бәсекелестік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" әрдайым ашықтықты ұстанады. Бізде шығындарды жекелей есепке алу жүйесі бар, ал тарифтердің өзгерісі нарықтық жағдайлар мен шығындардың объективті өсуіне байланысты жүргізіледі. Сондықтан тергеу оң нәтижемен аяқталады деп сенеміз, – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тіркелген интернет қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізіп, осы бағытта нарықтағы бәсекелестік деңгейін айқындау және нарыққа қолжетімділік кедергілерін жоюға арналған ұсыныстар әзірлегенін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу